Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.10.2010
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1060 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 12.10.2010 № 1052 Қаулысымен. (13.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1106 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенінде: 
"Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде: 
"117 583,5", "131 263,8", "133 482,7", "108 558,8", "119 973,1", "119 513,5", "6 440,7", "8 919,2" деген сандар тиісінше "148 513,0", "189 813,1", "124 857,6", "90 988,3", "107 082,4", "113 120,2", "6 380,7", "6 687,4" деген сандармен ауыстырылсын; 
"2011 жылы - 8 919,2 млн. теңге" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
"Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік нарығын реттеу" деген 5-бөлімде: 
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру" деген 5.2-кіші бөлімде: 
"Шаралар" мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және дамыту."; 
"Малдан алынатын өнімдер нарығын дамытуды ынталандыру" деген 5.3.1-кіші бөлімде: 
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"сүт бағытындағы ірі тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру, инфрақұрылымы дамыған мал семірту алаңдарын құру бойынша серпінді жобаларды іске асыру;"; 
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi