Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2008
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 № 387 Қаулысымен (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз)
Редакция 27.02.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 
2. Комитеттiң төрағасына төрт орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2005. № 320, 10.08.2005. № 823 қаулыларымен. (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2004 жылғы 29 қазандағы
 N 1129 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып табылады. 
республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; 
жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; 
Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады. 
2. Комитет өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерін және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
Полная версия
ИС BestProfi