Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2014
"Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 08.07.2014 жылғы № 777 Қаулысына сәйкес
1. "Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi № 326 қаулысымен бекiтiлген
Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Банкроттық туралы » Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсімдерiнде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетiмдiлiк, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестiгi қағидаттарында талап ету құқықтарын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық нөмір – сауда-саттыққа қатысушыға берілетін нөмір;
2) жеңімпаз – аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
3) лот – аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;
4) лоттың бастапқы бағасы – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
5) лоттың ең төмен бағасы – лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;
6) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;
7) сатушы – конкурстық басқарушы;
8) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;
Полная версия