1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 576 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс (үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; N 44, 422-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақта "ұйымдастыру жұмысы" деген сөздер "ұйымдастыру-кадр жұмысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
2-тармақта "Жалпы", "Заңнама және құқықтық сараптау бөлімге" деген сөздер тиісінше "Құжаттамалық қамтамасыз ету", "Мемлекеттік құқық бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздер "Мемлекеттік құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзацта "жалпы бөліміне" деген сөздер "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта "Жалпы бөлімінде" деген сөздер "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9-тармақтарында "Заңнама және құқықтық сараптау" деген сөздер "Мемлекеттік құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 36, 337-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
4-тармақтың бесінші абзацындағы, 5-тармақтың екінші абзацындағы, 8-тармақтағы "ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы" деген сөздер "көмекшісі -" деген сөзбен ауыстырылсын;
Полная версия