Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;
2) Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 қаңтардағы
 № 148 қаулысымен
 бекітілген
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығару Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы  өткізу  пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі - паспорт) бойынша, Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын өтуі тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi