Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығы
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2012 жылғы 8 мамырдағы
 № 325 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 113-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 қарашадағы № 1222 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 451-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 1349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 18, 223-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi