Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыз N 917 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығына сәйкес
1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, N 17, 137-құжат);
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3012 өкiмi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентінің 19996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 04.02.2013 жылғы № 495 Жарлығымен (08.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2015 жылғы № 86 Жарлығымен (04.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.01.2016 жылғы № 169 Жарлығына сәйкес (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы № 7 (28739) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Есеп комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Есеп комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің туы, логотипі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
5. Есеп комитетінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.