Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2015
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6551 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 81 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) Ереженің мына қосымшалары бойынша «Сақтандыру қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін:
2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (1-бөлік)» кестесі бойынша, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38;
2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 11, 12, 13, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (2-бөлік)» кестесі бойынша.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2010 жылғы 3 қыркүйектегі
 № 128 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі
1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң) 74-бабының 2-тармағының 2-1) тармақшасына, «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынатын есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi