Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3329
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (01.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.04.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау жөніндегі
 агенттігі Басқармасының
 2004 жылғы 27 қарашадағы
 N 330 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесі
Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Ұйым) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 118 (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде, сондай-ақ осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - есептi кезеңнiң әрбір жеке күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң құны туралы есеп;
2) зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде, сондай-ақ осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельдің түрлері бөлігінде - есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы туралы есеп;
3) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес есепті кезеңнің соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциялары туралы есеп;
5) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша өз активтерi есебiнен орналастырылған екiншi деңгейдегi банктердегi салымдар туралы есеп; 
Полная версия
ИС BestProfi