Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5709 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Инвестициялық портфельді басқарушының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3314 тіркелген) қаулысына, Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) қаулысымен, Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5249 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 1 тамызда N 116 (1342), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте N 9 жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде: 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді. 
Инвестициялық портфельді басқарушы есепті электрондық тасымалдағышта осы Ереженің 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді."; 
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3-2. электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы ұсынылады. 
Ай сайын жасалатын электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша ұсынылады."; 
Полная версия
ИС BestProfi