Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6347 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 тіркелген, «Заң газеті» газетасында 2005 жылғы 23 қыркүйекте № 111-112 (736) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 11) тармақшасында «ағымдағы шоттардағы меншікті ақшаның» деген сөздер «меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-қосымшаның «Есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің жағдайы бойынша өз активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» кестесінде:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды түлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерге сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдірілуін қамтамасыз етсін.