Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 136 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
«3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулыны аурудың бар екенін растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және ерекше қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға тиісті шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі.
3-2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою туралы қаулыны ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.»;
«4. Жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Ереженің 3-1 және (немесе) 3-2-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi