Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысы
Осы редакция 14.09.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" (бұдан әрi - Орталық) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi құрылатын Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Орталық қызметiнiң негізгi мәнi денсаулық сақтау саласында ғылыми және өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Орталықтың Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының аумағы 1600 шаршы метр "У.Оспанов атындағы Топырақтану институты" филиалы ғимаратының бiр бөлiгiн Орталыққа ұзақ мерзiмдiк жалға берсiн.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны ғимаратының бір қабатын Орталыққа ұзақ мерзiмдiк жалға берсiн.  
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2004. № 748 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын: 
"18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу."; 
2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-182 жолмен толықтырылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi