Близость слов: Окончание:





Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 Қаулысы       
Редакция 28.09.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.09.2011 № 1103 Қаулысымен (18.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 
2-тармақтың 5) тармақшасындағы "белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен" деген сөздер "заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 1371 қаулысымен
 бекітілген
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.09.2011 № 1103 Қаулысымен (18.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi