1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйек N 993 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қоса берiлiп отырған:
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 987 бірлік санында бекітілсін.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.06.2012 № 814 Қаулысымен. (16.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2002 № 1221 Қаулысымен. (11.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.04.2003 № 314 қаулысымен. (19.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.09.2009 № 1328 Қаулысымен. (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Кеңсе өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия