Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйек № 993 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 14.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2012 жылғы № 1732 Қаулысымен (02.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 593 бірлік болып бекітілсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2012 жылғы № 1396 Қаулысымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.11.2017 жылғы № 793 Қаулысына сәйкес (19.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.09.2018 жылғы № 585 Қаулысына сәйкес (29.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.06.2022 жылғы № 451 Қаулысына сәйкес (11.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысымен (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.06.2024 жылғы № 469 Қаулысына сәйкес (06.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2002 жылғы № 1221 Қаулысымен (11.09.2002 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003 жылғы № 314 Қаулысымен (19.11.2002 ж. редакцияны қараңыз)
6. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.09.2009 жылғы № 1328 Қаулысымен (14.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты осы қаулыны іске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысымен (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 11 қыркүйектегi
N 993 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2005 жылғы № 522 Қаулысымен (01.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.03.2009 жылғы № 320 Қаулысымен (27.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2009 жылғы № 1626 Қаулысымен (09.09.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2012 жылғы № 1732 Қаулысымен (02.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2014 жылғы № 663 Қаулысымен (21.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2017 жылғы № 491 Қаулысымен (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2017 жылғы № 793 Қаулысымен (19.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2019 жылғы № 185 Қаулысымен (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) құзыретіне жатқызылған салааралық мәселелерді шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Үкімет Аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі – Президент) мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Үкімет Аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Полная версия
ИС BestProfi