Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 және 2004 жылғы 15 желтоксандағы N 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1107 Қаулысы
Редакция 23.10.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.10.2009 № 1654 Қаулысымен (20.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) 1-қосымшаның кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
Өңірлер | Барлығы, штат саны (бірлік) | Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік) |
1 | 2 | 3 |
Ақмола | 3305 | 4 |
Ақтөбе | 2485 | 4 |
Алматы | 3714 | 4 |
Атырау | 1583 | 5 |
Шығыс Қазақстан | 4035 | 4 |
Жамбыл | 2620 | 4 |
Батыс Қазақстан | 2320 | 4 |
Қарағанды | 3423 | 4 |
Қостанай | 3538 | 4 |
Қызылорда | 1799 | 5 |
Маңғыстау | 1159 | 4 |
Павлодар | 2910 | 4 |
Солтүстік Қазақстан | 2803 | 4 |
Оңтүстік Қазақстан | 3944 | 5 |
Алматы қаласы | 1421 | 5 |
Астана қаласы | 931 | 5 |
ЖИЫНЫ: | 41990 | 69 |
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2008 № 1189 Қаулысымен (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталық атқарушы органдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы қаулымен бекітілген үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген басқармалардың ұсынылатын құрылымдарын жіберсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия