Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2004
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 421       
1)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2001. № 214 қаулысымен.
Редакция 11.10.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы, iстер министрлiгінiң үйлестiрушiлiк рөлiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi үшiн бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын. 
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн. 
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн. 
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы 
iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ведомствосы - 
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi бар". 
      1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. 
              N 214 қаулысымен.  

 
 
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан 
туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.
      
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 
                                       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                        2000 жылғы 21 наурыздағы N 421     
                                             қаулысымен бекiтiлген
     
        Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тауелсiз
         Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы
                                 ЕРЕЖЕ
     
                          1.Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен ынтымақтастықты ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
2. Комитет өзiнiң кызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметінiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады. 
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10. 
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тэуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 
   2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары 
1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен екi жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт (бұдан әрi - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрi - ОАЫ), Түркi тiлдес Мемлекеттердiң Мәдениет Министрлерiнің Тұрақты Кеңесi (бұдан әрi - ТҮРКIСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрi - интеграциялық бiрлестiктер) шеңберiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;  
2) ТМД елдерiмен екi жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бiрлестiктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметiнің тиiмдiлiгiн және үйлестiрiлген қызметiн қамтамасыз ету;  
3) Қазақстан Республикасы ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;  
4) ТМД елдерiндегi саяси және экономикалық жағдайды зерделеу; 
5) мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету; 
5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көшi-қонға және заңсыз есiрткі айналымына қарсы әрекет жасау жөніндегi интеграциялық бірлестiктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;  
6) ТМД елдерiмен экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. 
6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу;  
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2002. № 1109 (09.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде ынтымақтастығын дамытудың неғұрлым перспективалы және басымдықты бағыттарын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының басшылығына ұсынымдар мен ұсыныстар енгiзедi;  
1-1) интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде iс-шаралар өткiзудiң және өткiзілетiн iс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкiлдерi қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзiрлейдi;  
2) ТМД мемлекеттерінің сыртқы және iшкi саясатының, экономикалық дамуының түрлi аспектілерi бойынша талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындайды; 
2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнiнде келiссөздер жүргiзедi;  
3) интеграциялық бiрлестiктердің жарғылық органдарының мәжiлiстерiне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзiрлейді;  
4) ТМД, интеграциялық бiрлестiктердiң жарғылық органдарымен тұрақты жұмыс бабындағы байланыстарды ұстап тұрады;  
5) бiрлескен жобаларды, келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды алмасу жөнiнде Қазақстан Республикасының ТМД елдерiндегi елшіліктерiмен, сондай-ақ ТМД мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiмен тұрақты байланысты жүзеге асырады; 
6) ТМД елдерiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты қоғамдық, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдеседi; 
7) ТМД елдерiмен жоғары және биiк деңгейдегі сапарларды және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiндегi кездесулердiәзiрлеуге және өткiзуге қатысады;  
8) ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысын үйлестiредi, қомиссиялардың кезектi мәжiлiстерiн өткiзудi қамтамасыз етедi, мәжiлiстердiң қорытынды хаттамаларын дайындайды және белгіленген уағдаластықтардың iске асуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
9) ТМД елдерiмен Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын делимитациялау жөніндегі келiссөздердi әзiрлеуге және өткiзуге қатысады. 
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2002. № 1109 (09.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Комитеттiң заңдарда белгiленген тәртiппен және құзыретiнiң шегінде: 
1) Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, ведомстволарынан және агенттiктерінен, жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдiк мекемелерiнен, интеграциялық бiрлестiктердің институттарынан ТМД шеңберiндегi екi жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысты анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ аталған органдар мен ұйымдарға белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты беруге;  
2) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн тиiстi мамандарды тартуға; Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың проблемалық мәселелерi бойынша тұжырымдамалық позициясын әзiрлеу жөнiндегi сарапшылардың қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;  
3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, интеграциялық бiрлестiктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың орындалуына кедергі келтiретiн Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, агенттiктерінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;  
4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi басшылығының тапсырмасы бойынша Достастық елдерiнiң сыртқы саяси және басқа да ведомстволарының және интеграциялық бiрлестiктер институттарының делегацияларымен, аталған органдар мен ұйымдардың жұмыс топтарымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша келiссөздер жүргізуге;  
5) Комитеттің құзыретiне жататын проблемалар жөнiндегi республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, кеңестерге қатысуға;  
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына кадр мәселесi жөнінде, оның iшiнде Комитеттің кызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру оларды қызметке тағайындау және қызметтен босату, дипломатиялық дәрежелер беру, материалдық және өзге де көтермелеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. 
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2002. № 1109 (09.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 
13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 
14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министр - төраға басқарады. 
Вице-министрдің - Комитет төрағасының, өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.  
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2002. № 1109 (09.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Вице-министр - Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершiлiкте болады.  
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2002. № 1109 (09.02.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Осы мақсатта вице-министр - Комитеттің төрағасы заңдарда белгiленген тәртiппен:  
1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттiң құрылымын айқындайды; 
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына
Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату 
жөнiнде ұсыныс енгізедi;
     4) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің басшылығына 
Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану 
туралы ұсыныс енгізедi;
     5) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан 
өкiлдiк етедi;
     6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң нұсқауы бойынша 
басқа да тапсырмаларды орындайды. 
      17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109         
              қаулысымен.  

 
 
                5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
     
     18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.
      
      
Полная версия
ИС BestProfi