Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 қаулысы
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерi:
1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;
2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын.
2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Күзет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Күзет" РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес "Күзет" РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1574 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде:
реттiк нөмiрi 10-жолдың 3-бағанындағы:
"қорғау сигнализациясы мен құралдарын жөнге келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету" деген сөздер алынып тасталсын, сондай-ақ "iз кесу (детективтiк) және күзет қызметiне" деген сөздер "iз кесуге (детективтiк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруы, күзет сигнализациясының құралдарын жобалау, құрастыру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету";
Полная версия