Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 қаулысы       
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы  Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерi: 
1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;
2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын.
2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Күзет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Күзет" РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес "Күзет" РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1574 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) құрылатын мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;  
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:  
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен; (21.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 607 қаулысымен. (04.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
7. "Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 тамыздағы N 671  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 31, 364-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы, оның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 2, 3-тармақтарын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi