Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475 Қаулысы       
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) мемлекеттiк меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу; 
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру; 
3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру болып анықталсын. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2008 № 1228 Қаулысымен. (19.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар: 
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi; 
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 19 мамырдағы
 N 475 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (23.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде: 
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-63-жолмен толықтырылсын: 
"21-63 АЛА-002293 "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ".
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): 
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 57-жол толықтырылсын: 
"57. Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (Астана қаласы) 100%".
5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114  қаулысында: 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"1. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлiк қоғамы.".
Полная версия
ИС BestProfi