Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес 
Редакция 24.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi Премьер-Министр Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.
1-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізілді 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2011 жылғы № 1067 Қаулысымен (30.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.09.2011 жылғы № 1067 Қаулысымен (30.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысымен (07.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында: 
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
"1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн."; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта: 
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс."; 
17-тармақта "Қаржы министрлiгiн, Экономика министрлiгiн" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"22. Кеңседе Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген. 
Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Yкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн."; 
89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртiбiне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын; 
Полная версия
ИС BestProfi