Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысы
Редакция 06.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 10 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тізілім Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші органдар құрылған немесе таратылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектілендіріліп отырады.»;
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыс беру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберу арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға/жетекші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.»;
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi