Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000 жылғы № 696 Қаулысымен
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2022 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2006 жылғы № 251 Қаулысымен (10.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2022 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2022 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000 жылғы № 696 Қаулысымен
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (17.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы
№ 247 қаулысымен
бекітілген
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2000 жылғы № 696 Қаулысымен
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.03.2004. № 279 Қаулысымен (05.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2005 жылғы № 135 Қаулысымен (05.03.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2006. № 251 Қаулысымен. (10.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (06.04.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 613 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 551 Қаулысымен (04.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 54 Қаулысымен (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2017 жылғы № 491 Қаулысымен
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2018 жылғы № 34 Қаулысымен (19.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2019 жылғы № 216 Қаулысымен (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2022 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 26-бабына сәйкес құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі – консультативтік-кеңесші органдар) құрылуы, қызметі және таратылуы тәртібін айқындайды.
Консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылады.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесіндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі немесе таратылуы тәртібіне қолданылмайды.
1) жұмыс органы – консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) жұмыс тобы – нақты мәселе бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау үшін құрылған уақытша (6 айдан аспайтын кезеңге) жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
4) комиссия, кеңес – өздері туралы ережелерде айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдар;
5) консультативтік-кеңесші орган – мәселелерді ұжымдық талқылау, пікір алмасу, ортақ шешім тұжырымдау арқылы бірлесіп пысықтау үшін құрылатын комиссия, кеңес немесе жұмыс тобы;
6) консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі – құрылған және таратылған консультативтік-кеңесші органдарды есепке алу жүзеге асырылатын консультативтік-кеңесші органдардың тізбесі;