Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес 
Редакция 29.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
«88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бағыттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Қаржы және/немесе Экономикалық даму және сауда министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.»;
«3-1) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.
Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;»;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 сәуірдегі
 № 359 қаулысына
 қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi