Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 Қаулысы
Осы Қаулы 30.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).»;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.»;

2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4) тармақша күшін жойды (ескретуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (13.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия