Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 546 Қаулысы
Мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбында, бүкіл мәтінінде "әкімият" деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып, "әкімдік" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 15.05.2009. № 727 Қаулысымен

Осы Қаулы 30.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 30-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.2009. № 727 Қаулысымен. (24.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламенті;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламенті бекітілсін.
Әкімдіктердің регламенттерін әзірлеу және бекіту кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын;
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.2009. № 727 Қаулысымен. (24.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 сәуірдегі
N 546 қаулысымен
бекітілген
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгi регламентi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдік (бұдан әрi - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi. 
2. Әкiм әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. 
Әкiм әкімдік мүшелерiнiң санын айқындайды. 
Әкiм әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi. 
3. Әкiмдік қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.2009. № 727 Қаулысымен. (24.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады. 
Полная версия
ИС BestProfi