Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1036
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнің "Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы" мемлекеттік мекемесi, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің "Алмас" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi:
1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган;
2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекiтiлсiн.
5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1036 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (01.06.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.06.2004. № 604 қаулысымен. (20.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегi агенттігінің "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 12 сәуiрдегi N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 207-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 851 қаулысына:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар алынып тасталсын.
Полная версия