Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2003
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 қаулысы
1-тармақтың 2) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
Редакция 08.09.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ереже; 
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың 2) тармақшасының күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне үш вице-министр, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
қаулысымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.05.2001. № 656
қаулысымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 (18.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен. (18.05.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен "Казахстанская правда" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын: 
1)"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (АҚКМ) Ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 441-құжат); 
2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттік газеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын акционерлік қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1050 қаулысының  5-тармағы; 
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 457-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi