Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Мектеп" ашық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қазан N 1383
Редакция 26.11.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Мектеп" ашық акционерлiк қоғамы оны жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мектеп" баспасы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Мектеп" баспасы" ЖАҚ) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ жарғысын бекiткен кезде қызметiнiң негізгi мәнi баспа өнiмдерiн шығару деп белгiлесiн;
2) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ-тың мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн белгiленген тәртiппен оның жарғылық капиталын шығарылған жарғылық капиталының жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын кейiнгі эмиссия шығару жолымен көбейтуге шаралар қабылдансын. Кейiнгi акциялар эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiне сәйкес жүргізсiн;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды орындаған соң "Мектеп" баспасы" ЖАҚ жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне "Мектеп" баспасы" ЖАҚ акциясының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн;
6) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншіктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" бөлiмiнде:
реттік нөмірі 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-29 "Мектеп" баспасы" ЖАҚ;
2)
3) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісiм министрлiгi" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"224-4. "Мектеп" баспасы" ЖАҚ";
4) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 558-құжат):
2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1180 қаулысымен. (31.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия