Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2009
Банктiң мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 191 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қантарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5466 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 05.08.2009 № 176 Қаулысымен. (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-1-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Банктiң мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі бекітілсін. 
2. Агенттік Басқармасының "Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4657 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын. 
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. 
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ға мәлімет үшін жіберсін. 
5. Агенттіктің Төраға Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2008 жылғы
 28 қарашадағы N 191 қаулысымен
 бекітілген
Банктiң мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ", " Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу тәртібін, ерекшеліктерін анықтайды.
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берген депозиттер бойынша (бұдан әрі – кепілдік берілген депозиттер) бiр мезгiлде банк мiндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде беру және басқа банкке (банктерге) оның дебиторлық берешегі бойынша (бұдан әрі – банк мүлкі) талап ету құқығын қосқандағы банктің мүлкі жөніндегі операциялар банк кредиторларының мүддесін қорғау мақсатында жүргізіледі. 
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) иеленуші банк – банктің кепілдік берілген депозиттері мен мүлкі бойынша міндеттемелерін бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалған банк; 
2) иеленуші әлуетті банк - банктің кепілдік берілген депозиттері, мүлкі бойынша міндеттемелерді бір мезгілде беру жөнінде шарт жасасу мақсатында конкурсқа қатысуға тілек білдіруші банк; 
3) конкурстық құжаттама – банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушы банктің) (бұдан әрі – банкті уақытша басқарушының), таратушы комиссияның әлуетті иеленуші банктерге олардың иеленуші банкті таңдау үшін конкурсқа қатысу талаптары туралы толық ақпаратты беру мақсатында конкурстық өтінімді дайындау үшін ұсынатын құжаттары; 
Полная версия
ИС BestProfi