"Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2016
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3924
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бiрiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық
Осы Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер есебінің нормативтік мәндері мен әдістемесін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 204 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 97 Қаулысымен (06.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін пруденциялық нормативтердің нормативтiк мәндерi мен есептеу әдiстемесi «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабына сәйкес белгіленеді.
1. Банктiң жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 172 (30.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (30.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 294 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.02.2014 жылдан бастап) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысына сәйкес (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 222 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1-1. Банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
Нұсқаулық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 222 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және жалғыз акционері басқа мемлекеттің орталық банкі болып табылатын банк үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;
Полная версия