Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 сәуірде № 6877 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (30.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
1-1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Осы Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2019 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген банк операциясын жүргізген кезде ислам банктері, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
2) банктердің синдикаты – бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу және банктердің синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам екінші деңгейдегі банктер;
3) кредиттік желі – банктің қарыз алушыға банктік қарыз алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларда және кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі;
4) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім – қарыз алушының өзіне кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) немесе өтініште (өтініштерде) қарызды алу сомасы мен уақытын, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларда және кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде айқындауға мүмкіндік беретін талаптармен жасалған банктік қарыз шарты;
5) синдикатталған қарыз – банктер синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен бірігіп қалыптастырылған және қарыз алушыға (байланысты қарыз алушылар тобына) бір банктік қарыз шарты негізінде (оған қажеттілігіне қарай басқа да құжаттарды қоса бере отырып) берілген банктік қарыз;
6) сыйақы – банкке тиесілі ақшаның жылдық сомасына немесе осы қаулыда белгіленген жағдайларда белгіленген мөлшерде несие сомасына пайыздық мөлшерде белгіленген банктік қарыз ұсынғаны үшін төлем.
2. Банк жасасатын банктік қарыз шартында (бұдан әрі – шарт) шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптар, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.10.2015 жылғы № 200 Қаулысымен (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2019 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
7) шарт талаптарына өзгерістер енгізудің тәртібі;
8) синдикатталған банктік қарыз берілген кезде - синдикатқа қатысушы әр банктің, оның ішінде қарыз алушы төлемге қабілетсіз болған жағдайда синдикатқа әр қатысушы үшін ықтимал залалдарының үлесін бөле отырып қарызына қатысу сомасы немесе үлесі;
Полная версия
ИС BestProfi