1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 49 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6204 болып енгізілді
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесі
Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 тіркелген, 2005 жылғы 19 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 101-102 (726) санында жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
кіріспедегі:
«қызметі туралы» деген сөздерден кейін «2000 жылғы 18 желтоқсандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
«есеп беру туралы» деген сөздерден кейін «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
«қоғамдар туралы» деген сөздерден кейін «2003 жылғы 13 мамырдағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын.
Полная версия