Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 49 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6204 болып енгізілді
Редакция 30.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2010 жылғы 29 наурыздағы
 № 49 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесі
Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 тіркелген, 2005 жылғы 19 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 101-102 (726) санында жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
«қызметі туралы» деген сөздерден кейін «2000 жылғы 18 желтоқсандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
«есеп беру туралы» деген сөздерден кейін «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын;
«қоғамдар туралы» деген сөздерден кейін «2003 жылғы 13 мамырдағы» деген сөздер мен цифрлармен толықтырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (28.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 95 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде:
кіріспедегі «Инвестициялық қорлар туралы», «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі және «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер мен цифрлармен ауыстырылсын.
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 127 Қаулысымен (24.02.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 134 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 87 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 67 қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 170 Қаулысымен (26.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 76 Қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi