Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.10.2018
Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 134 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6540 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қазаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесі бекітілсін.
2. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 тіркелген, 2006 жылғы 27 қазанда «Заң газеті» газетінің № 189 (1169) санында жарияланған) қаулысы;
2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген) қаулысы қосымшасының 7-тармағы.
3. Талаптарында сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысуы көзделген сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2010 жылғы 3 қыркүйек
 № 134 қаулысымен бекітілген
Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесі
1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң) 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін, сондай-ақ сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу талабын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайды.
2. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдық құн факторы - сақтанушының аннуитет есептелген күндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемдерін алу жасына дейінгі өмір сүруі және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын кірістіліктің тиімді пайыздық ставкасы сомасының кері шамасына тең болатын, тиісті дәрежедегі дисконттық фактор көрсеткіштері туындыларының сомасы, және 1:
Полная версия
ИС BestProfi