Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4892 болып енгізілді.
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 жылғы № 193 Қаулысымен (02.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 № 193 қаулысымен (02.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) базалық активі:
1-тарамақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
сыйақы ставкасы: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своптар бойынша ставка, спред, пайыздық өзгеру және құбылмалылық; 
бағалы қағаздар, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге» "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес сатып алуға рұқсат берілген туынды бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары; 
тізбесі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалған есеп айырысу көрсеткіштері (индекстері); 
тізбесі осы қаулының 2-қосымшасымен айқындалған тауарлық активтер, көрсетілген тауарлық активтерді нақты жеткізуді жүзеге асырмастан, сондай-ақ тауарлық активтерге индекстер болып табылатын туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 02.11.2009 № 228 қаулысымен. (16.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағында айқындалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне (бұдан әрі – № 170 нормативтер) 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде мынадай жағдайлардың бірін сақталған кезде жасалады:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 № 193 (02.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 192 Қаулысымен (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысымен (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 жылғы № 40 қаулысына сәйкес (25.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингісі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар ұйым болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес қарсы әріптесі не Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша «ВВ-» төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша «Ва3» төмен емес рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB» төмен емес рейтингілік бағасы бар ұйым болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент қарсы әріптесі;
2) Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулері бар, не осындай баға белгілеулері болмаған жағдайда Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингісі немесе Мoody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар үш түрлі қарсы әріптестің кемінде үш баға белгілеуі бар;
3) туынды қаржы құралдарының базалық активі Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) № 170 нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген;
4) екінші деңгейдегі банктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымның мыналар туралы оң пікірін білдіруді көздейтін есепті ұсынған жағдайда:
екінші деңгейдегі банктің туынды қаржы құралын бағалау әдістемелері;
кредиттік шығындарды, пайыздық мөлшерлемелерді немесе дисконттау мөлшерлемелерін бағалауға қатысты жасалған олқылықтар туралы ақпаратты қоса алғанда, туынды қаржы құралының құнын айқындау кезінде пайдаланылған олқылықтар;
екінші деңгейдегі банк жүргізген стресс тестілеу, сезімталдықты талдау нәтижелері.
Екінші деңгейдегі банктер базалық активі төмендегі ұйымдардың кредиттік тәуекелі болып табылатын туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырады:
1) Standard & Poors және «Ғitch» рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша халықаралық шәкіл бойынша «ВВ-» төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша «Ва3» төмен емес кредиттік рейтингісі, не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВВ» төмен емес рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденттері;
2) Standard & Poors және Ғitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша халықаралық шәкіл бойынша «ВВВ-» төмен емес немесе Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша «ВВа3» төмен емес рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті еместер;
3) туынды қаржы құралдарының базалық активі № 170 нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілді.
2-1. Екінші деңгейдегі банктер жүргізуін орталық депозитарий жүзеге асыратын ұйымдастырылмаған нарықта жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының  және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес есепті аптадан кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге ақпарат береді. Ақпарат ақпаратты беру күнінде қолданыста болған, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен барлық мәмілелер, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша беріледі.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 10.09.2019 жылғы №151 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2. Осы қаулының 2-1-тармағында көрсетілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі жағдайында екінші деңгейдегі банктер орталық депозитарийге түзетілген ақпаратты және тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірме береді.
Осы Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
3. Екінші деңгейдегі банктер базалық активі кредиттік тәуекел болып табылатын туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдармен операцияларды мына талаптардың барлығын орындағанда, кредиттік дефолт своптарын (credit default swap) және жиынтық кіріс своптарын (total return swap) сатып алу (сатып алушы ретінде болулары) арқылы жүзеге асырулары мүмкін:
1) базалық актив екінші деңгейдегі банктің меншікті міндеттемесі болып табылмайды;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер жасау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 10.09.2019 жылғы №151 Қаулысына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) сатып алу бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 02.11.2009 № 228 қаулысымен. (16.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, сол сияқты ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелерді жасаудың мынадай:
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 жылғы № 193 Қаулысымен
3-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 жылғы № 69 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.09.2012 жылдан бастап)
3-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 11 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
3-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (03.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-1-тарамақтың бірінші абзацы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес
1) Қазақстан Республикасының резиденттері-эмитенттер және Қазақстан Республикасының резиденттері емес-эмитенттер шығарған (ұсынған), № 170 нормативтерге 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларымен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында «репо» және «кері репо» операцияларын жүргізу;
5) меншікті облигациялармен мәмілелер жасау;
6) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес акционерлік қоғамның (оның ішінде екінші деңгейдегі банктің) өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы;
7) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізу;
8) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау немесе конвертациялау;
9) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
10) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғаларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19260 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2019 жылғы 19 тамыздағы № 131 қаулысына 1-қосымшада көрсетілген халықаралық қор биржаларында айналыстағы акцияларымен (жарғылық капиталға қатысу үлестерімен) мәмілелер жасау;
10-тарамақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларымен немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерімен мәмілелер, сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздармен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағына сәйкес мәмілелер жасау;
12) базалық активі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын депозитарлық қолхаттармен мәмілелер жасау;
13) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалатын бағалы қағаздармен мәмілелер жасау;
14) бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ бас банк пен ұлттық басқарушы холдинг арасындағы еншілес банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру жөніндегі мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер өз мүддесі үшін және өз есебінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықта мәмілелер жасайды.
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14-тарамақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген қаржы құралдарынан басқа өзге де қаржы құралдарымен (бұдан әрі – өзге де қаржы құралдары) мәмілелерді екінші деңгейдегі банк Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес брокерлік қызмет шеңберінде осындай мәмілелерді жасау ниеті туралы қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабарлама берген күні мына өлшемшарттарды сақтаған жағдайда жасайды:
Осы Қаулы 3-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 жылғы № 40 қаулысына сәйкес (25.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) екінші деңгейдегі банкте уәкілетті органның брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болса;
2) банктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің k4 мәні кем дегенде 0,6 болса.
Екінші деңгейдегі банк клиенттердің есебінен және олардың мүддесі үшін өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға ниетті болған кезде екінші деңгейдегі банк осы қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органды көрсетілген өлшемшарттардың сақталуы туралы ақпаратты көрсете отырып осындай ниеті туралы хабардар етеді.
Екінші деңгейдегі банк көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуді анықтаған жағдайда, осындай сәйкес келмеу фактісі туралы уәкілетті органды тез арада хабардар етеді және аталған сәйкес келмеу анықталған күннен бастап өзге де қаржы құралдарын сатып алу бойынша брокерлік қызмет шеңберінде жаңа мәмілелер жасамайды.
4. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы  N 19 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4066 тіркелген).
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев): 
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
7. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 02.11.2009 № 228 қаулысымен. (16.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Есеп айырысу көрсеткіштерінің (индекстердің) тізбесі
8. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 қаулысына
2-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi