Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2019
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3576
Осы Қауыл күшін жойды 2019 жылғы 11 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.05.2019 жылғы № 70 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесі бекітілсін. 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ереже" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 336 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 340 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 2 (42) басылымдарында 1997 жылғы 13-18 қаңтарда жарияланған); 
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 485 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 660 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 1 (145) басылымдарында 1999 жылғы 1-17 қаңтарда жарияланған). 
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді. 
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113
 қаулысымен бекітілген
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі бойынша Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және банк кредиторларының мүддесін қорғау мақсатында меншікті капиталдың теріс мөлшері бар банк (бұдан әрі - банк) акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторға/инвесторларға (бұдан әрі - инвестор) міндетті түрде сату тәртібін айқындайды. 
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.11.2008. № 202 қаулысымен. (28.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Банк акцияларын оларды жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алуды уәкілетті орган банкте меншікті капиталдың теріс мөлшері белгіленген кезде жасайды. 
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.11.2008. № 202 қаулысымен. (28.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мәжбүрлеп сатып алу кезінде банк акцияларының бағасын банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған күніне оның міндеттемелерінің сомасын шегере отырып, банк активтер құнының мөлшеріне негіздей отырып уәкілетті орган айқындайды.
3. Уәкілетті орган сатып алынған банк акцияларын сатуды банк меншікті капиталының (бұдан әрі - қайта капиталдандыру) өсуіне кепілдік беретін және инвестордың өзіне алған міндеттемелерін есепке ала отырып оның қалыпты жұмыс істеу жағдайында бағасы бойынша тез арада жасайды. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.11.2008. № 202 қаулысымен. (28.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тарау. Мәжбүрлеп сатып алу және банк акцияларын сатуды жүргізу тәртібі
4. Осы Ереженің 1-тармағында атап айтылған жағдайларды белгілегеннен кейін және банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдірген кезінде оларды тез арада сату мақсатында уәкілетті орган банк акцияларын сатып алуға ниет білдірген инвесторларды іздеу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
5. Банк акцияларын сатып алуға мүдделі тұлға банк акционерлерге Қазақстан Республикасының банктік заңдарында ұсынылатын талаптарына қанағаттандыруы тиіс.
6. Уәкілетті органның Басқармасы банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату туралы шешімін банк акцияларының белгілі санын сатып алуға инвестордың мүмкіндігін және ниетін растайтын өтініші негізінде, оның ішінде оған банк акцияларын сату туралы инвестордың өтінішін, банкті қайта капиталдандыру (қаржы жағдайларын қалпына келтіру) бойынша іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіде (бұдан әрі - Ұлттық банк) уәкілетті органның банктік шотына салуға дайын инвестор банкті қайта капиталдандыруға қажетті ақша сомасын көрсете отырып қабылдайды.
7. Бір банктің инвесторлары болуға ниетті екі немесе одан да астам тұлғалар банк акцияларын сатып алу туралы өтініш білдірген жағдайда, оларға сатып алынған акциялар үшін ақы төлеуге енгізілуі тиісті ақша сомасын және олардың арасында жасалған әрбір тұлғалар сатып алатын банк акцияларының санын анықтайтын келісімін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген өзге талаптардың орындалуын ұсыну қажет. 
Уәкілетті орган осы мәселесі бойынша заңды тұлға - инвесторлар атынан олардың бірінші басшылары немесе бұл басшыларының тиісті уәкілетті өкілдері (Қазақстан Республикасының заңдар талаптарына сәйкес ресімделген сенімхаты болған кезінде) өтініш білдіреді.
8. Уәкілетті орган инвестор ұсынысын қабылдаған жағдайда бұл туралы инвесторға жазбаша хабардар етеді, онымен бірге сатып алу-сату шарт жобасын оған банк акцияларын сату және мәмілені қамтамасыз ету негізгі шарттарын қоса отырып жасайды. Банк акцияларын сатып алу-сату шарттың жобасына міндетті түрде мыналар енеді: шарттың мәніне нұсқауы, бір банк акцияның бағасы, сатылатын банк акцияларының жалпы құны және саны, тараптардың міндеттемелері (банкті қаржы қалпына келтіру бойынша сатып алушының міндеттемесін, банк меншікті капиталын қажетті деңгейге дейін жеткізу, уәкілетті органның нормативтік құқықтық талаптарын қанағаттандыратын, банк кредиторлардың талаптарын қанағаттандыратын), шарттың тараптар жауапкершілігі, оның күшіне ену тәртібі. 
8-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.11.2008. № 202 қаулысымен. (28.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Банк акцияларын сатып алу-сату шарттың жобасы тараптарының келісімі уәкілетті орган және инвестор қол қоятын хаттамасымен ресімделеді. 
Банк акцияларын сатып алу-сату шарт жобасының келісімі туралы хаттамасына қол қойылғаннан кейін уәкілетті орган Ұлттық Банкіде банк шотын ашады, бұл шотқа инвестор ашылған күннен бастап жеті күн ішінде банкті қайта капиталдандыруға қажетті ақша сомасын аударады. Сатып алу-сату шарттың күшіне енгеннен кейін осы сома уәкілетті органның нұсқауы негізінде барлық құжаттарды ресімделе отырып корреспонденттік банк шотына аударылуға тиісті.
10. Акцияларды сатып алу-сату шарттың жобасында келісілген жағдайларға банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторға сату туралы уәкілетті органның ұсынысы, осы Ереженің 6 және 7-тармағында көрсетілген құжаттардың қосымшасымен бірге, сондай-ақ банктің қаржылық жағдайы туралы қорытындысы Қазақстан Республикасы Үкіметіне келісімге жіберіледі.
11. Акцияларды сатып алу-сату шарттың жобасында жазылған жағдайларда банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату жөнінде уәкілетті органы ұсынысының келісімі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағаннан кейін осы мәселе уәкілетті органның Басқармасына қарауға беріледі. 
Инвесторға банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату жөнінде шарттардың өзгерісі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсыныстарын енгізген жағдайда, банк акцияларын сатып алу-сату шартының жобасы осы Ереженің 9-тармағы бірінші абзацта атап айтылған рәсімі сақтала отырып инвестормен қайта келісілуге тиісті, сондай-ақ осы Ереженің 10-тармағында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметіне қайта келісілуге жіберілуге тиісті. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімді теріс қабылдаған жағдайда, осы Ереженің 9-тармағына сәйкес уәкілетті органның банк шотына аударылған ақша сомасы, уәкілетті органның нұсқауы негізінде инвесторға қайтарылып алынуға тиісті.
12. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды және оларды кейіннен сатуды ресімдеуі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және оларды қаулы нысанында инвесторға сату туралы уәкілетті органның шешімін қабылдау арқылы жасалады.
Банк акцияларын сату және мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкілетті органның шешімінде (бұдан әрі - уәкілетті органның шешімі) мыналар көрсетіледі:
1) банктің атауы, орналасқан жері, почталық мекенжайы, банкті мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі;
1-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
2) мәжбүрлеп сатып алу және банк акцияларын сату негіздемесі;
3) заңды тұлға - инвестордың атауы, орналасқан жері, почталық мекенжайы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі;
3-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
4) заңды тұлға - инвестордың аты-жөні, тегі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректемесі және атауы, тұрғылықты жері;
5) бағалы қағаздарды ұстаушы тізілім жүйесінде уәкілетті органның жеке шотын ашу және оған барлық банк акцияларын аудару туралы тапсырмасы;
6) банк акцияларын сатудан алынған ақшаны аудару және бұрынғы банк акционерлермен кейіннен есептеу үшін уәкілетті органның Ұлттық Банкіде жеке банктік шотын ашу туралы мәліметтері;
7) уәкілетті органның Ұлттық Банкідегі жеке банктік шотына акциялардың сатып алынған бағасын енгізу бойынша инвестордың міндеттемелері;
8) банк акцияларымен мәмілелерді іске асыру бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті (уәкілетті органмен және инвестормен) тұлғалары;
9) уәкілетті органы шешімінің күшіне ену тәртібі.
Банк акцияларын сатып алу-сату шартының жобасы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.05.2007 № 155 қаулысымен (26.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Уәкілетті органның шешімі қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде банк акцияларын сатып алу-сату шартына уәкілетті орган және инвестор қол қояды. Уәкілетті органның атынан аталған шартқа қол қоюға уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары құқылы. Шарт екі дана мемлекеттік тілде және екі дана орыс тілінде жасалады.
14. Мәжбүрлеп сатып алу және банк акцияларын сату туралы шешімін уәкілетті орган банкке жібереді. Жұмыс істейтін банктің басшылары уәкілетті органның шешіміне қол қоя отырып танысады. 
Шешімі қабылданған күнінен бастап бес күндік мерзімде уәкілетті орган банк акцияларын сату және мәжбүрлеп сатып алу туралы мәлімдемесін бұқаралық ақпарат құралдарына таратады.
15. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу құнын бұрынғы акционерлерге ақы төлеу Ұлттық Банкідегі жеке банктік шотынан оған инвестор банк акцияларын сатып алу бағасы мөлшерінде ақшаны салғаннан кейін уәкілетті органның нұсқауы негізінде жүзеге асырылады. 
Бұрынғы банк акционерлері уәкілетті органға өтініш білдірген кезде акцияларды мәжбүрлеп сатып алу жалпы санында олардың акцияларының үлесіне үйлесімді сомасында жоғарыда көрсетілген шотынан өз ақша үлесін алу үшін уәкілетті органның шешіміне орай тіркеуші бұрынғы акционерлерінің жеке шотынан банк акцияларын есептен шығару күніне жасалған жеке шотының көшірмесін ұсынады.
3-тарау. Мәжбүрлеп сатып алуға және инвесторға сатуға тиісті банк акциялармен мәмілені тіркеу ерекшеліктері
16. Тіркеуші уәкілетті органға мынадай құжаттар негізінде бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жеке шот ашады: уәкілетті органның шешімі, уәкілетті органның мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің көшірмесі және мөр бедерімен уәкілетті органның тіркеушіге берілетін құжаттарға қол қоюға және банктің акцияларымен мәмілелер жасау бойынша өзге де рәсімдерді жүзеге асыруға уәкілетті өкілдерінің қол қою үлгілерінің карточкасы.
16-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.03.2010 № 50 Қаулысымен (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап бастап қолданысқа енгiзiледi)
16-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Уәкілетті органның шешімі негізінде тіркеуші акционерлердің жеке шоттарынан банк акцияларын есептен шығарады және оларды уәкілетті органның жеке шотына есепке жазады.
17. Инвестор банк акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде тіркеушіге банк акциялары есептелетін бағалы қағаздардың тізілімін ұстаушы жүйесінде жеке шотты ашуға қажетті құжаттарды ұсынады.
18. Банк акцияларын сатып алу-сату мәмілесін тіркеу уәкілетті органның және инвестордың екі ыңғайлас бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.
19. Уәкілетті органы банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату бойынша тиісті салықтарды төлеуге қоса отырып және басқа осы мәміленің заңдық ықтимал салдарынан іс-шараларды жүргізуге байланысты барлық қаржы шығындар банк инвесторлар есебінде жасалады.
20. Уәкілетті органның шешімі барлық банк органдардың жұмыстарын тоқтату негізі болып табылады, осы шешімді қабылдау күнінен бастап басқаруды қоспағанда. 
Банк консервациялау мерзімінде немесе аяқталғанда акцияларды мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыру кезде банкті басқару бойынша уақытша әкімшілігі өз функцияларын банктің инвестор құрған тиісті уәкілетті органға тапсырғанға дейін банктің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік шараны қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi