Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2015
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаруы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 29 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5804 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2685 тіркелген, 2004 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде N 29 (23667) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3596 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде N 103–104 (24062) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 42 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
"2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережеде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мынадай ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының кіріс, шығыс,кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
3) касса модулі – интеграцияланған автоматтандырылған жүйенің шағын жүйесінің бір бөлігі болып табылатын эмиссиялық-кассалық операциялардың модулі;
4) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
5) күмәнді банкноттар және монеталар – төлем қабілетін және түпнұсқалылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын бүлінуі бар банкноттар мен монеталар;
6) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлімшесі;
7) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының бухгалтерлік есеп бөлімшесі.";
8-тармақтың екінші бөлігі "сақтаған" деген сөзден кейін ", айналыстан алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
"11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) жоқ заңды және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.";
Полная версия
ИС BestProfi