Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 507 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 09.04.2018 жылғы № 177 Қаулысына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 164-жолмен толықтырылсын:
«164. Шейх Халиф Бен Заид Әл Нахаян қоры».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi