"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2018
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысы
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2277 Қаулысымен (20.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 09.04.2018 жылғы № 177 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2277 Қаулысымен (20.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар тізбеге енгізуге ұсынатын ұйымдар қызметінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізгеннен кейін орынды болған жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейін тізбеге толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді деп белгіленсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 қаулысымен бекітілген
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2277, 03.06.2010 № 507 Қаулыларымен. (20.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Халықаралық ұйымдар
1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)
2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО)
3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы
4. Дүниежүзілік почта одағы
5. Дүниежүзілік туристік ұйым
6. Дүниежүзілік Тағы Табиғат Қоры (WWҒ)
7. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕҒ)
8. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ/UNІСЕҒ)
9. Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ/ЕВRD)
Полная версия