«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 26.02.2015 жылғы № 94 Қаулысын қараңыз
Редакция 26.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.02.2015 жылғы № 94 Қаулысымен (30.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2015 № 47(28525) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген
Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Ескертпе | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Медициналық қызмет үшін | |||||
---|---|---|---|---|---|
1 | меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат | үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
2 | мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар (қажет болған жағдайда) | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысы бекіткен тізім | |||
3 | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты | ұйым басшысы бекіткен штат кестесі; | |||
осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медицина ұйымының медицина қызметкерлері туралы мәлімет | |||||
4 | мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі | жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
5 | мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері | қайта даярлаудан өткендігі туралы куәліктің немесе біліктілігін жоғарылатудан өткендігі туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
6 | жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
7 | санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда маманның тиісті сертификаты | біліктілік санатын беретін немесе біліктілік санатын бермейтін маман сертификатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
Фармацевтикалық қызмет үшін | |||||
1 | меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат | үй-жайға немесе ғимаратқа меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариаттық куәландырылған), ұйым басшысы бекіткен үй-жай жоспары | |||
2 | нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтары бар автомобиль көлігі | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысы бекіткен тізім | |||
3 | мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріханаларында дайындалған дәрілік препараттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай | ұйым басшысы бекіткен үй-жай жоспары | |||
4 | осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлердің штаты | ұйым басшысы бекіткен штат кестесі; осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәлімет | |||
5 | мәлімделген фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі: 1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін: - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі; - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі; - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі; 2) дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріхана) үшін: - дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; - аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; 3) дәріханалар үшін: - дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; 4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін: - дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі. Дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады; 5) дәріхана қоймасы үшін: - дәріхана қоймасы басшысының және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; 6) дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін: - жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі. Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
6 | мәлімделетін фармацевтикалық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері | қайта даярлаудан өткендігі туралы куәліктің немесе біліктілігін арттырудан өткендігі туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) | |||
7 | айналысуға үміткер жеке тұлғалар үшін жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, фармацевтикалық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) |
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша
нысан
Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратуралар мен құрал-саймандардың, аспаптардың, жиhаздардың, мүкәммалдың, көлік және басқа құралдардың тізімі
________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)
Р/с № |
Медициналық және (немесе) арнайы
жабдықтардың, аппаратуралар мен құрал-саймандардың, аспаптардың, жиhаздардың,
мүкәммалдың, көлік және басқа құралдардың (паспорт бойынша) атауы |
Өндіруші ел |
Өлшем бірлігі |
Шығарылған жылы, жай-күйі (жұмыс істейді/
жұмыс істемейді) |
Басшы ____________________________ (қолы, Т.А.Ә.)
М.О. Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) ________________ (қолы, Т.А.Ә.)
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша
нысан
Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәлімет ________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Атқаратын лауазымы | Білімі | Мамандығы бойынша өтілі | Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжат | Біліктілік санаты берілмеген немесе біліктілік санаты берілген маман сертификатының болуы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы ____________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) ________________ (қолы, Т.А.Ә.)
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына 3-қосымша
нысан
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәлімет ________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20__жылғы «__» ________ жағдай бойынша)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Атқаратын лауазымы | Білімі, мамандығы | Мамандығы бойынша өтілі | Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Басшы ____________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 71 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.11.2013 жылғы № 1297 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.02.2015 жылғы № 94 Қаулысымен (30.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2015 № 47(28525) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 71 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 51-құжат).
2. «Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 109-құжат).
3. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 712-құжат).
Полная версия