Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
«4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.
Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.»;
«8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалау осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.»;
2) тармақшадағы «Республикасының» деген сөзден кейінгі «кедендік» деген сөз алынып тасталсын;
«3) Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелудің (жіберудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;»;
«Республикасының» деген сөзден кейінгі «кедендік» және «кеден» деген сөздер алынып тасталсын;
«режимдерде» деген сөз «рәсімдерде» деген сөзбен ауыстырылсын;
16 және 17-тармақтардағы «акцизделетін» деген сөздің алдынан «ескі үлгідегі таңбалар желімделген» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтағы «6-тармағының» деген сөздер «5-тармағының 2) тармақшасы мен 9-тармағының 2) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы «алкоголь өнімі сыйымдылығының бүйір бетіне бір есепке алу-бақылау таңбасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол бермейтіндей етіп жүргізіледі» деген сөздер «осы Ереженің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте бір есепке алу-бақылау таңбасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол берілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi