«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2012 ж., № 6, 114-құжат):
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;
«АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:»;
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия