Близость слов: Окончание:





Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 Қаулысы
Редакция 25.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленсін.
1) «Цемент зауытын салу» жобасын (өтініш беруші – «Көкше-Цемент» ӨБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
2) «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту» жобасын (өтініш беруші – «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
3) «Құрғақ тәсiл бойынша цемент зауытын салу» жобасын (өтініш беруші – «Қазақцемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
4) «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
5) «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
6) «Хантау станциясында цемент зауытын салу» жобасын (өтініш беруші – «ACIG» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
7) «Тараз қаласында электр металлургия шағын зауытын салу» жобасын (өтініш беруші – «Запчасть» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
8) «Жаңатас қаласында болат қорыту цехын салу» жобасын (өтініш беруші – «МК «Жаңатас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
9) «Жүндi бастапқы өңдейтiн жұмыс iстеп тұрған фабрика базасында арқан жасауды ұйымдастыру» жобасын (өтініш беруші – «Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
10) «Цемент зауытын салу» жобасын (өтініш беруші – «Каспий Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
11) «Екiбастұз қаласында бағыт ауыстырғыштар өндiрiсiн және темiр жол доңғалақтарын өңдеудi ұйымдастыру» жобасын (өтініш беруші – «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 15 Қаулысымен (25.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi