Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1334 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.11.2012 № 1421 Қаулысымен (09.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі  қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 жыл, № 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «жасы 21-ден төмен емес» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «21-ден» деген сөздер «19-дан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi