Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.01.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 21
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін процессуалдық заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің  (әрі қарай мәтін бойынша АІЖК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі 166-бабының 2-бөлігінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судьялар арыздарды сот өндірісіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген арыздардың дәлелдемелермен негізделгендігі АІЖК-нің  150 және 151-баптарының талаптарына сәйкес келуін ескерулері қажет. 
2. АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек. 
Іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде бұзылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына қайтарылған жағдайда да, осындай ұйғарым шығарылуы тиіс. АІЖК-нің  344-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымға шағым немесе наразылық келтіруге болмайды. 
3. АІЖК-нің  14-бабына сәйкес, сотқа арыз қай тілде берілсе, сот өндірісі де сол тілде жүргізіледі деп есептеу керек. Егер талапкерден арыз берілген тілді өзгерту туралы өтініш келіп түссе, онда судья АІЖК-нің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот талқылауы жүргізілетін сот өндірісінің тілі туралы ұйғарым шығаруға міндетті. 
4. Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АІЖК-нің  47-бабында көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процессуалдық міндеттерді орындамаудың құқықтық салдары туралы талапкерлер мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс. 
Талапкердің не жауапкердің өтініші бойынша дәлелдемелер сұратуға жәрдемдесе отырып, судья істі сот талқылауына дайындаған кезде, ол дәлелдемелердің бір-бірінен артықшылығы туралы пікірін білдіруге қақысы жоқ. 
5. Мүлік туралы дауларды тараптардың аралық сотқа тапсыруға құқы бар екендігін, оны қалай жүзеге асыруға болатын процессуалдық тәртіпті және оның құқықтық салдарын түсіндіргені жөн. Алайда, тараптардың осындай құқықтары түсіндірілмегені туралы уәждері, азаматтық істің сот талқылауына тиісті түрде әзірленбеді деп саналмайды. 
6. Егер істі соттың қарауына әзірлеген кезде тараптар жазбаша түрде жасалған және өздері қол қойған бітімгершілік келісімін ұсынса, судья АІЖК-нің 172-бабының бірінші бөлігіне, 49-бабына, 247-бабының 
4) тармақшасына сәйкес бітімгершілік келісім шарттарын бекіту туралы ұйғарым шығарып, іс жөніндегі сот өндірісін қысқартуға құқылы. Мұндайда бітімгершілік келісімнің шарттарын ескере отырып, судья тараптар арасындағы сот шығындарын АІЖК-нің  110, 113-баптарына сәйкес бөлуге міндетті. 
7. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында сотқа тараптардың атынан олардың өкілдері қатысса, онда судья АІЖК-нің  61-бабының бірінші бөлігінде аталған әр процессуалдық әрекетті жасау үшін тиісті түрде ресімделген уәкілеттіліктерінің бар-жоғын тексеруге міндетті. 
8. Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талапкердің сол немесе басқа жауапкерлерге мәлімделген талап арызынан туындайтын басқа да талаптары, ал жауапкердің талапкерге қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья талапкердің қосымша талап ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға құқықтарын түсіндіреді. 
Жауапкердің қарсы талап арызы АІЖК-нің  157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда оның арызын талапкердің арызымен бір өндірісте қарау үшін қабылдайды. Егер бұл арыздың мазмұны АІЖК-нің  157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады. 
9. Егер талаптардың сипаты, олардың өзара байланысы және ортақ дәлелдемелерінің болуы, олардың неғұрлым тез әрі дұрыс шешілуіне мүмкіндік беретін жағдайда ғана бірнеше талаптарды бір өндіріске біріктіруге болады. 
Талапкердің бір арызда біріктіріп берген талаптарын, егер судья олардың жеке қаралуын қажет деп тапса, оларды ажыратып қарауына болады. 
Бірнеше талап арыздардың біріктірілуі немесе олардың ажыратылуы судьяның бөлек ұйғарымымен ресімделуі тиіс, оған АІЖК-нің  344-бабына сәйкес апелляциялық тәртіпте шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды. 
10. Егер талапкер өз арызында жауапкердің уәждерін көрсетпесе немесе талап арызға қоса тіркелген материалдарда жауапкердің талап арызға қарсы келтірген дәлелдемелері назар аударарлық болса, онда оларды анықтау үшін істі соттың қарауына әзірлеу барысында жауапкерді сотқа міндетті түрде шақыру қажет болады. Жауапкермен әңгімелесу барысында оның қарсылықтарының мәнін түсініп, іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар мен дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкердің өтініші бойынша өз бетімен сотқа ұсына алмайтын дәлелдерді басқа заңды тұлғалардан немесе азаматтардан сұратып алуға жәрдем беруге жағдай жасайды. 
Полная версия
ИС BestProfi