Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 392 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес 
Редакция 29.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
1-тармақ «тәртібін» деген сөздің алдынан «не Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, медициналық техниканы кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қызметінің негізгі мәні болып табылатын ұйым қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алуы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша «жасасқан» деген сөзден кейін «не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақ «осы ереженің» деген сөздерден кейін «7-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәсілді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысымен (07.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 28695 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 сәуірдегі
 № 392 қаулысына
 қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысымен (07.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 28695 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi