ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 182 Қаулысымен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 19-тарауын қолдану кезінде 13-тармақтың, 20-тармақтың 4, 10-тармақшаларының, 21-тармақтың 5-тармақшасының қолданылуы ҚР төтенше жағдай қолданылатын кезеңге тоқтатыла тұрады
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2019 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.08.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2019 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 қаулысымен бекітілген
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2010 № 66 Қаулысымен (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(10.03.2010 бастап қолданыста болады) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.02.2010 № 122 Қаулысымен (04.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.05.2010 жылғы № 474 Қаулысымен (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қағидалар өзгертілді 14.07.2010 жылғы № 716 Қаулысымен (26.05.2010 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2010 № 844 Қаулысымен (14.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.02.2011 жылғы № 163 Қаулысымен (27.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2011 жылғы № 392 Қаулысымен (22.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2011 жылғы № 983 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.05.2012 жылғы № 629 Қаулысымен (31.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2012 жылғы № 1415 Қаулысымен (16.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1649 Қаулысымен (08.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 15 Қаулысымен (01.01.2013 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.01.2013 жылғы № 28 Қаулысымен (21.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2013 жылғы № 582 Қаулысымен (24.01.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.09.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді Үкіметінің 16.09.2013 жылғы № 964 Қаулысымен (06.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.09.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (16.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2014 жылғы № 767 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2015 жылғы № 229 Қаулысымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.07.2015 жылғы № 515 Қаулысымен (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2015 жылы № 134 (28612) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 33 Қаулысымен (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28757) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 719 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2019 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша «медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника», «медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың», «медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы», «медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы», «медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды», «медициналық мақсаттағы бұйым», «медициналық мақсаттағы бұйымдарды», «медициналық мақсаттағы бұйымдар», «медициналық мақсаттағы бұйымдармен», «медициналық техника», «медициналық техниканы» сөздері «медициналық бұйым», «медициналық бұйымдарды», «медициналық бұйымды», «медициналық бұйымға», «медициналық бұйыммен», «медициналық бұйымдармен» «медициналық бұйымдар» сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.05.2019 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2019 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) тапсырыс берушілер – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері;
4) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Полная версия