Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 844 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
1) тармақша «дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген сөздердің алдынан «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен органдық препараттардан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«екі жылдан кем жарамдылық мерзімі бар, бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өнім берушіден бұдан бұрын қабылданған тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, тапсырыс берушіге жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізу сәтіне жарамдылығының қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің елу пайызынан кем болуы мүмкін, ал кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауардың жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіне өндіруші көрсеткен жалпы жарамдылық мерзімінен он екі айдан кем болуы мүмкін;»;
«7-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген «суыту тізбегі» болуы қажет болған жағдайда дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың бар-жоғын тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс);»;
бірінші абзацтағы «, фармацевтикалық қызметтердің» деген сөздер алып тасталсын;
57-тармақтың 1) тармақшасы «тендерге» деген сөздің алдынан «осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде қойылатын біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагаостикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
тиісті мемлекеттік орган (дара кәсіпкер үшін) берген, заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған соңғы қаржы жылдың бухгалтерлік баланстың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі, жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі (дара кәсіпкерлер үшін);
заңды тұлғаға арналған статистикалық картаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда онда статистикалық картаның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну талап етілмейді);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық қарызының, міндетті зейнетақы және әлеуметтік бөліп шығару қарызының жоқтығы (бары) туралы анықтаманың түпнұсқасы;
осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, әлеуетті өнім берушінің банктің (банктердің) алдында мерзімі асқан берешегінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) бірінші басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған банктің (банктердің) мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
2) ілеспелі қызметтер құнын қосқанда жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың соңғы бағасын құраушы әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары құрамына енгізілген әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған бағалар кестесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) ұсынылатын ілеспелі қызметтер;
5) ұсынылып отырған дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.»;
«90. Егер тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал тендерді ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.»;
«тендерде» деген сөзден кейін «, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«берілген көлем» деген сөздер «берілген көлемдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылатын тендерде қандай да бір лот бойынша отандық өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес тек бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі немесе одан көп өтінімі берілсе оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.»;
мынадай мазмұндағы 132-1-тармақпен толықтырылсын:
«132-1. Ұзақ мерзімді шарт бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды ұсынған кезде ғана жасалуға тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісілген тізім бойынша өндірушімен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сатып алудың ұзақ мерзімді шартын жасасудың тиімділігі туралы қорытындысы;
2) заңды тұлғаның инвестициялық жобасын Қазақстан Республикасының индустрияландыру картасына енгізу туралы индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкілетті органның растауы;
3) аккредиттелген бейіндік қауымдастықтардың сараптау қорытындысы.»;
«134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, қол қойылған жеткізу шартын жолдайды.
Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын шартқа қол қоюдан бас тартуға құқықты.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.»;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 9-қосымшада:
сегізінші бөліктегі «Тапсырыс берушімен осындай алмастыруды жазбаша келіскеннен» деген сөздер «Тапсырыс берушіні жазбаша хабарлағаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөлікте:
«алпыс» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
«артық» деген сөз «кем» деген сөзбен ауыстырылсын;
«он төрт» деген сөздер «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтінім берушіге жеткізілетін, тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, өнім берушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына бұрын қабылданған жарамдылықтың қалдық мерзімі бар тауарды жеткізуге рұқсат беріледі. Бұл ретте ауыспалы қалдық болып табылатын жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша тауарды жарамдылықтың қалдық мерзімі бар ұқсас тауарға өтеусіз алмастыруды жүзеге асырады:
1) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем тауарлар үшін - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтіне жарамдылықтың жалпы мерзімінен елу пайызынан кем емес;
2) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауарлар үшін - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтіне жарамдылықтың жалпы мерзімінің он екі айдан кем емес.
Тапсырыс беруші вакциналар және басқа иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда, барлық жеткізілетін тауар көлемін қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьюторға өтеусіз негізде жауапты сақтауға тапсыруға міндеттенеді. Бірыңғай дистрибьютор жауапты сақтаудағы тауарды Шартқа 2-қосымшаға орай жеткізу кестесіне сәйкес немесе Шартта көрсетілген мерзімдерде босатады.»;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 11-қосымшада:
4-тармақтағы «60 (алпыс)» деген сөздер «90 (тоқсан)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия